Қарағанды қаласының тұрғыны алаяқтарға 2 млн теңге берді: қылмыскердің жеке басы анықталды

ІІМ баспасөз қызметі берген ұсынған мәліметтерге сәйкес, Қарағанды тұрғыны жеңіл және тез ақша табу үшін 2 млн теңгеден айырылып қалған. Хабарланғандай, алаяқ егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, одан екі миллион теңгеден астам ақшаны алдап алған.

Толығырақ: 5 қазанда Қарағанды қаласы Киров полиция бөліміне 57 жастағы әйелден арыз түсті. Ол әлдебір еркектің алаяқтық әрекетінен зардап шеккенін айтты.

Алаяқ өзіне арызданушының сеніміне кіріп, оған дивидендтерді жылдам алу жоспарын ұсынды. Ол үшін тек кірісті бизнеске қаржы салу қажет болды. Және қаржыны жәбірленуші беруі тиіс еді. Оның айтқан сөздеріне алданып, бақытқа басы айланған әйел банктен несие алып, алаяққа екі миллион теңгеден астам ақша берді. Алаяқ ақшаны алған соң байланысқа шықпады.

Бүгін полицейлер күдіктінің — 62 жастағы ер адамның кім екенін анықтады, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізуде.

Добавить комментарий