Астанада полиция Біржан сал көшесіндегі жылы аялдаманың әйнегін сындырған 18 жастағы жігітке қатысты шара қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1-бабы және 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тәртіп бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылады. Күдікті уақытша ұстау камерасына қамалды.
Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады. Вандализм тек қала инфрақұрылымы үшін ғана емес, сонымен қатар оны жасағандар үшін ауыр жазаға тартылуы мүмкін.