Рудныйда көршісі мен оның баласын өртеп жіберген ер адам тұтқындалды

Рудный қаласында 44 жастағы ер адам көршісін өртеп жібермек болған. Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан кішкентай баланың денесінің 40%-дан астамын күйік шалды, ол жансақтау бөліміне түсті.

Рудныйда 44 жастағы ер адам көршісі мен оның баласына керосин құйып, өртеп жіберді, деп жазды Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-тегі парақшасында.

«16 наурызда Рудный қаласы басқармасының кезекші бөліміне хабарлама келіп түсті, 44 жастағы ер адам көршісінің үйіне барған. Ол есікті ашқан 32 жастағы әйелді және оның баласына керосин құйып өртеп жіберген. Ашығын айтайын, полицияда істеп жүргеніме көп жыл болды, әр түрлі жағдайларды көрдік. Бірақ бұл жағамды ұстатты», — деді облыстық полиция басшысы.

Төрт жасар бала жансақтау бөліміне түсті, денесінің 40% -дан астамын күйік шалған. Анасының қолдары күйген.

«Ер адамның қылмыстық әрекетке баруына көршілер арасындағы жанжал себеп болған», — деп қосты Омарбеков.

Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

 

Добавить комментарий