Қазақстанның төрт өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында боран мен қалың қар салдарынан тасжолдағы көріну нашарлап бірқатар жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Ақмола облысында қозғалыс:
«Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін шектелді.
Ақтөбе облысында:
«Самара-Шымкент» күре жолының Белогорка кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралығы;
«Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» трассасының Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралық.
Қостанай облысы:
«Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай»; «Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл»; «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолдарының учаскелері жабылды.
Қызылорда облысында:
«Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе облысынан Арал қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Күре жолда штаттан тыс жағдай туындаса немесе тасжолдардағы ахуал туралы қосымша ақпарат алу үшін 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет!