Қарағанды облысы Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай орын алды. Желдету жүйелерін тексеру кезінде көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде шахтада болған барлық 70 кенші эвакуацияланды.
Сынау жүргізген Qarmet компаниясы өкілдерінің ақпараты бойынша, автоматты датчиктермен желдеткіш жүйелерін тексеру кезінде орталық конвейерлік еңісте көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарлауы тіркелді.
«Осының салдарынан жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасын эвакуациялау жоспары дереу енгізілді. Қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде 70 шахта қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды. Эвакуация сәтті өтті», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнында Qarmet басшылығы,Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізуде. Штаттан тыс жағдайдың алдын — ала себебі-шахтаның желдету жүйесінің жабдықтарын сынау кезінде көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы болып отыр.
Мұндай жұмыстар кен орнында 2017-ші жылдан бері жүргізілмеген.