Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-36356-1660152649-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда маркетингтік компания атын жамылған қаржы пирамидасы жұмыс істеді. Ол салымшыларға тиімді инвестициялар ұсынды.

ҚМА елордалық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «MMK Investment» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйым өз қызметін инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған. Мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табысқа, әкелінген әрбір клиент үшін қосымша пайыздар төлеуге уәде береді.

«Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді. Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар. «MMK Investment» компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды. «MMK Investment» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — делінген Агенттіктің хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Добавить комментарий