АҚШ ғалымдары бірқатар зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде антиваксердің портретін жасады.
Олар өз жұмыстарының нәтижесін Scientific Reports ғылыми журналында жариялады.
Зерттеу жұмыстары АҚШ тұрғындары арасында жүргізілді. Сарапшылардың айтуынша, вакцинация қарсы болу білім деңгейіне, нәсіліне, жасына немесе жынысына байланысты емес.
Зерттеу жұмыстарына алты мыңнан астам ересек америкалықтар қатысты. Вакцина салдырғысы келмейтіндердің жартысы «қандай жағдай болмайсын, екпе салдырмаймын» деп мәлімдеді. Көбісі вакцинаның қауіпсіздігіне күмәнданатынына байланысты.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 82%-ы коронавирус денсаулыққа қауіп төндіретінін мойындады. 18%-ы вирус вакцинадан да қауіпті деп есептемейді.