Экологиялық кодекс жобасын осындай кең форматта талқылау көптеген өзекті мәселелер бойынша бастапқы пікірталастар алынып тасталғанын көрсетті.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа Экологиялық кодекс ең алдымен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс деп санайды. Бүгін Мәжілісте өткен талқылау барысында Палата Спикері өз пікірімен бөлісті.
Қазір Мәжіліс депутаттарының жұмысында тұрған жаңа Экологиялық кодекстің өзекті мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ірі отандық кәсіпорындардың басшылары, экологиялық сарапшылар, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ел басшылығының Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді шараларды пысықтау туралы тапсырмаларына назар аударды, олардың бірі экологиялық заңнаманы өзектендіру болып табылады.
Талқылау барысында ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу шартымен І санаттағы нысандар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу сияқты жаңа Экологиялық кодекс жобасының нормасына ерекше назар аударылды.
Әзірлеушілердің пікірінше, технологиялық процестерді жаңғырту қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындар үшін ынталандыру шаралары ретінде кәсіпорындарды ЕҚТ енгізілген жағдайда экологиялық төлемдерден босату, керісінше жағдайда — эмиссиялар үшін төлемақыны біртіндеп арттыру ұсынылады.
Осындай норманың қажеттілігіне келіскен Мәжіліс депутаттары, сонымен қатар, объективті себептермен ЕҚТ енгізу үшін бөлінетін 10 жыл ішінде жекелеген көрсеткіштер бойынша белгіленген нормативтерге қол жеткізе алмайтын кәсіпорындарға қатысты мәселені көтерді. Ал ЕҚТ енгізу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда өсімпұлдар мен коэффициенттерді арттыратын барлық жылдар үшін төленбеген экологиялық төлемдер түрінде айыппұл санкциялары көзделеді.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, мұндай жағдайларда бұл кәсіпорындарды 10 жыл ішінде айыппұл түрінде қомақты ақша төлей бастағанда тығырыққа тіремеу керек.
«Бұл әрдайым өндіріс көлемінің азаюы, бұл әрқашан жұмыс орындарының қысқаруы екенін түсіну қажет. Жалпы, бұл жерде үлкен әлеуметтік құрамдас бөлік бар», — деді Мәжіліс Спикері.
Сонымен қатар, ЕҚТ-ны енгізу бір ғана күн емес, Нұрлан Нығматулин атап өткендей, ЕҚТ-ны енгізуді ынталандыру бойынша нормалар кәсіпорындарды технологиялық қайта жарақтандыруға ықпал етуі тиіс. Осының барлығы ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізуге бағытталған.
Мәжіліс депутаттары ұсынылып отырған нормаға қатысты мәселені көтерді, оған сәйкес ЕурАзЭҚ Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын біздің елде өндіру мен пайдалануға тыйым салу енгізіледі.
Мәжілісмендерді ауыл тұрғындары бұдан зардап шегуі мүмкін деп алаңдатады, олардың көпшілігі әлі күнге дейін ескі ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланады.
Статистикаға сәйкес, елімізде тракторлардың 82%-ы және пайдалану мерзімі 15 жылдан асатын комбайндардың 65%-ы. Барлық ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тек 30%-ы ғана заманауи талаптарға сай келеді.
Мәжіліс Спикерінің пікірінше, ауыл тұрғындары жұмыс істей алмай қалатын жағдай туғызбау үшін бұл норманы мұқият пысықтау қажет.
Депутаттар экологиялық сақтандыру мәселесін де көтерді. Бұл тек I санаттағы объектілер үшін міндетті болады деп көзделеді. Сонымен қатар, елде шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлері санатына түсетін 2 мыңнан астам II санаттағы объектілер және 3 мыңнан астам III санаттағы объектілер бар.
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл нысандарды да экологиялық сақтандырумен қамту керек.
Талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы депутаттық корпустың басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту және бүгінгі күннің шындығын ескере отырып, экономиканы қарқынды дамыту мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін құжатты қабылдау екенін атап өтті.
«Экологиялық кодекс жобасын осындай кең ауқымда талқылау көптеген өзекті мәселелер бойынша бастапқы пікірталастар алынып тасталғанын көрсетті. Әрбір жаңа норманы пысықтай отырып, барлығы экологияға да, қоғамға да, экономикаға да зиян келтірмеу қағидатын басшылыққа алды «, — деп түйіндеді Нұрлан Нығматулин.