Неміс және голландиялық зерттеушілердің есептеуінше, 2100 жылға қарай Каспий теңізіндегі су деңгейі қазіргімен салыстырғанда 9-18 метр төмен болады. Бұл өңірдің экологиясына, экономикасына және саяси тұрақтылығына бірқатар проблемаларды тудырады. Зерттеу нәтижелері Nature Communications Earth & Environment журналында жарияланды.
Әлемнің көптеген елдері теңіз деңгейінің көтерілуіне алаңдаса, Каспий маңы өңірінде тұратын 100 миллионнан астам адам қарама-қарсы проблемаға — Каспий теңізі деңгейінің тез құлдырауына тап болады.
Географиялық түсінік бойынша, бұл теңіз емес, аумағы 371 мың шаршы шақырымды құрайтын әлемдегі ең үлкен көл. Бірақ жыл сайын ол кішірейіп келеді. 1990 жылдардан бастап оның деңгейі жыл сайын бірнеше сантиметрге төмендеп жатыр.
Гисен және Бремен университеттерінің неміс ғалымдары Утрехт университетінің Жер туралы ғылымдар департаментінің голландиялық геолог Франк Весселингпен (Frank Wesselingh) бірге XXI ғасырдың соңына дейін Каспий теңізінің деңгейін өзгеруінің болжамды моделін құрды.
Олардың есептеуінше, алдағы онжылдықтарда төмендеу жылдамдатылады және 2100 жылға қарай теңіз деңгейі 9-18 метрге төмендейді, ал теңіз бассейнінің ауданы 23-34 пайызға қысқарады.
«Салыстыру үшін, егер Солтүстік теңіз деңгейі екі немесе үш метрге түссе, Роттердам, Гамбург және Лондон сияқты порттарға жету қиынға соғады. Балық аулайтын кеме мен алып контейнерлер, аймақтағы барлық елдер — үлкен проблемаларға тап болады. Бұл жерде әңгіме жағымды жағдайда кемінде тоғыз метрге төмендеу туралы болып отыр. Жағымсыз жағдайда айырмашылық 18 метрді құрайды, Каспий теңізі өз алаңының үштен бірінен астамын жоғалтады», — делінген Утрехт университетінің баспасөз хабарламасында.
Карта су деңгейі тоғыз және 18 метрге төмендеген кездегі Каспий теңізінің контурларын көрсетеді
Ғалымдардың айтуынша, Каспий теңізі сияқты тұйық су қоймаларының деңгейі бір жағынан жауын-шашын мен ағын сулардың, екінші жағынан көлдің бетінен булану арасындағы нәзік теңгеріммен анықталады. Каспий теңізі жағдайында су деңгейінің төмендеуі қыста теңіз мұзының булануы мен жоғалуымен байланысты. Бұл процестер Жерорта теңізі-Орта Азия аймағындағы құрғақшылықпен байланысты.
Авторлар су деңгейінің төмендеуіне байланысты шиеленісе түсетін проблемаларды анықтады: Бұл өз балапандарын Каспий теңізінің солтүстігінде мұз үстінде өсіретін, олардың қоныс аударатын құстарына, ақ және эндемиялық каспий итбалығы бар бірегей экожүйелерге әсер етеді. Бассейннің таяздау солтүстік бөлігінің құрғауы итбалықтар популяциясының жойылуына әкеледі.
Ғалымдардың пікірінше, теңіз жағалауларында немесе оған құятын өзендердің бойында тұратын миллиондаған адамдарды да жағымсыз зардаптарды күтіледі. Бұл проблемалар саяси қақтығыстарды шиеленістіруі мүмкін. Каспий теңізінің акваториясын өзара бөлісетін елдер — Әзірбайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Қазақстан, оларға шекаралар мен балық аулау құқығы туралы жаңа келісімдер жасасуға тура келеді.
«Көл деңгейінің төмендеуі сияқты климаттың өзгеруінің аспектісі теңіз деңгейінің жаһандық көтерілуінен кем болмауы мүмкін. Жоғалған қымбат уақытты өтеу үшін дереу және үйлестірілген іс-әрекеттер қажет. Шөгіп бара жатқан Каспий теңізінің проблемасын шешуі басқа өңірлердегі үлгі болып, осындай әрекеттерге ынталандыруы мүмкін», — деп жазады зерттеу авторлары өз мақаласында
Ғалымдар БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) аясында жойылып бара жатқан көлдер бойынша халықаралық мақсатты топ құруға шақырады.