Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Бахмутты басып алуы мүмкін екенін ескертті, алайда АҚШ-тың соғысты зерттеу институты (ISW) Бахмутты тактикалық басып алу ауыз толтырып айтатындай нәтиже бермейді деп отыр. Сонымен қатар, сарапшылар Ресей әскерлерінің қаладан алға жылжу үшін механикаландырылған күштері тапшы және тактикалық «шабуылдау жасақтарын» пайдалану маневрлік жауынгерлік қимылдарға әкеп соқпайтынын айтады.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Бахмутты басып алуы мүмкін екенін, бұл оларға Донецк облысының Краматорск, Славянск және басқа да елді мекендеріне жол ашатынын ескертті. Алайда, ISW Бахмутты тактикалық басып алу ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бермейтінін айтып отыр.
Сонымен қатар, ресейлік әскерлерге қаладан шығып, алға жылжу үшін механикаландырылған күштері тапшы және тактикалық «шабуылдау жасақтарын» пайдалану маневрлік жауынгерлік қимылдарға әкеп соқпауы мүмкін.
Ресей әскерлерінің Бахмут аудандарына соңғы ілгерілеуі жаяу әскерлердің майдандық шабуылдары шектеулі тактикалық басымдықты беретінін көрсетті.
Сарапшылардың пікірінше, Ресей әскерлері Константиновка бағытында немесе Славянск-Краматорск бағытында ілгерілеуге барын салуы мүмкін, алайда украин әскерлері бұл екі бағытты да күшейтіп, елеулі қарсылық көрсетуі мүмкін.