Батыстың құқық қорғаушылары Қазақстаннан түсінік беруін талап етті

Батыстың құқық қорғаушылары мен зерттеушілері Нұр-Сұлтан қазақстандық диссидент Атабектің өліміне қатысты түсінік беруі тиіс деп мәлімдеді.

Human Rights Watch халықаралық ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мира Риттман Twitter ‘де 15 жыл түрмеде отырғаннан кейін Арон Атабек түрмеден «денсаулығы өте нашар» күйде босатылғанын жазды.

«Қазақстандық диссидент Арон Атабектің қайтыс болғанын естігенде көңілім қатты құлазыды. Ол 15 жыл (!) адам төзгісіз жағдайда темір тордың ар жағында отырып, жуырда бостандыққа шықты. Суретте оның құр сүйегі қалғаныны көрінеді. Оның отбасына және оның дүниеден өткеніне қайғырған барлық адамға қайғыра көңіл айтамын», — деп жазды Мира Риттман.

Атабектің өлімі: Норвегиялық Хельсинск комитеті түсінік беруді талап етті

Норвегиялық Хельсинск комитеті түрмеден босатылғанына екі ай өтер-өтпес уақытта қайтыс болған диссидент ақын Арон Атабектің қайтыс болуына байланысты Қазақстан билігі «түсінік беруі тиіс» деп мәлімдеді.

«НХК Қазақстанда диссидент ақын Арон Атабектің қайтыс болғаны туралы хабарға қайғырады, ол 15 жыл түрмеден кейін, денсаулығы өте нашар жағдайда босатылды. Қазақстан билігі түсінік беруі керек», — делінген комитеттің Twitter-дегі хабарламасында.

АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді

АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі, Rand Corporation зерттеушісі Уильям Кортни басқа саяси тұтқындардың өміріне төнген қауіп-қатердің алдын алу үшін халықаралық тергеу жүргізу қажет деп санайды (Қазақстан билігі елде саяси тұтқындардың барын жоққа шығарады, құқық қорғаушылардің тізімінде саяси себептер бойынша сотталған ондаған адам бар).

Орталық Азия бойынша Human Rights Watch директоры Хью Уильямсон Арон Атабектің отбасына көңіл айтты.

Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық журналист және зерттеуші Джоанна Лиллис Twitter ‘де Атабектің өлімі «Қазақстанның адам құқықтары саласындағы беделіне дақ түсірді» деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік! 2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айырылған Арон Атабек 1 қазанда бостандыққа шығарылды, «айықпас дертке шалдыққанына» байланысты нақты мерзімнің өтелмеген жаза бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Сол күні ол Алматыға Павлодардан ұшып келді.

Қайтып келгеннен кейін ол қарындасы Рәзия Нутушеваның үйінде тұрды, кейін 14 қазанда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің мәліметінше, Атабекке коронавирустық инфекция диагнозы қойылған, оны созылмалы ауруларына байланысты ауыр өткерген. Ауруханадағылардың хабарлауынша, 24 қараша күні кешке науқастың жүрегі тоқтап, биологиялық өлім тіркелді.

Атабектің өзі Алматыға келгеннен кейін «өлетінін біліп босатқанын» айтқан. Ол 68 жаста еді.

Добавить комментарий