12 мамыр күні сағат 13:28-де ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,9. Магнитудасы MPV — 4,5. Эпицентрдің координаттары 44.65° с.е., 78.36° ш.б. Тереңдігі — 20 шақырым, деп хабарлайды ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің сезілуі бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) келіп түскен жоқ.