Қазақстан көпвекторлы бағытын өзгертпейді

Қазақстандағы жағдай тұрақталды. Президент Қазақстан халқына ел ішінде қандай реформалар жүзеге асырылатынын және мемлекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін билік қандай іс-қимылдар жасайтынын айқындады. Қазіргі таңда Қазақстан президенті тағы бір маңызды мәселені, яғни мемлекет сыртқы аренада қандай бағытты ұстанатынын шешу қажет.

Көптеген сарапшылар Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы қарым-қатынас қаңтардағы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ бітімгерлері республикаға жіберілгеніне байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін деп болжап отыр.

«Бұл әрекеттер Қазақстан билігінің Ресейге барынша адал болуына алып келеді. Айта кету керек, ,көршілер елдер арасында келіспеушілік өршіп кеткендіктен, өзара қатынасқа сызат түсуі мүмкін», — деп жазады батыс саясаттанушылары. Соңғы жылдары екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасы шиеленісіп кеткені құпия емес. «Қос елдің қарым-қатынасы нашарлауына әртүрлі факторлар ықпал етеді. Мәселен, Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси қақтығыстың шиеленісуі РФ-ның Қазақстанмен қарым-қатынасына да кері әсерін тигізіп жатыр. Ресейлік тарап ҚР одақтас ел ретінде батыс елдерімен қақтысығыста Ресейге барынша қолдау көрсетіп жатқан жоқ деп санайды. Өз кезегінде ҚР-да билік басындағылар одақтас елдің мүддесі үшін өз басын қатерге тіккісі келмейді. Сондай-ақ Ресейде «Қазақстандағы орыс ұлт өкілдеріне және орыс тілді азаматтарға қысым жасалып жатқаны» және олардың құқығы «тапталып жатқаны» жиі айтылатын болды. Ресейлік саясаткерлердің таққан айыптары қос ел арасындағы жақсы қарым-қатынастың дамуына кері әсер етеді. Бұл Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы келіспеушіліктің кішкене бір бөлігі ғана», — дейді Батыс саясаттанушылары.

Кейбір сарапшылар енді Ресей Орталық Азия республикасында өз мүддесін ілгерілету және ықпалын нығайту қиынға соқпайды деп есептейді: Ресей ҚР-да көптеген активтерді сатып алып, бизнесін кеңейтеді, ЕАЭО аясында бірлескен жобаларды іске қосады, оқу орындарын ашады және т.б.

Қазақстан президенті атап өткендей, қаңтардағы оқиғалар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҰҚШҰ бітімгелік контингентін жіберу мәселесін талқылағанда Кремль алдын ала шарттар қойған жоқ. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның Ресей алдындағы «қарызы» туралы ешқандай әңгіме болған жоқ.

Батыс сарапшылары Қазақстан сыртқы саясатында көпвекторлық бағытты ұстанады деп отыр. «Қазақстан сыртқы саясатында бұрынғысынша көпвекторлық бағытты ұстанатын сыңайлы. Орталық Азия республикасы Ресеймен қарым-қатынасқа баса көңіл бөліп, басқа елдермен ынтымақтастықты екінші кезекке қоймайды. Мәселен, Қытай Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі, себебі Орталық Азия елі Еуропа елдерімен саудада байланыстырушы көпір. Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жұмыс сапармен Бейжіңге келді. Ел өкілдері арасында келіссөздер өтіп, оның барысында жан-жақты қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін дамыту перспективалары талқыланды», — деп жазады еуропалық саясаттанушылар.

Добавить комментарий