БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Сирия бойынша келіссөздерға қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді

БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы елшісі Гейр Педерсен Астана форматындағы жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«БҰҰ делегациясы келді», — деді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанға Ресей, Сирия үкіметі, Түркия және сириялық оппозиция делегациялары келген болатын. Иран делегациясының басшысы — Сыртқы істер министрінің арнайы саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Әли Асғар Хаджи 7 шілдеге қараған түні келеді.

7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді. Оған кепілгер елдердің делегациялары (Иран, Ресей және Түркия), Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозиция қатысады деп жоспарланып отыр. Шараға бақылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері болады. Келіссөздерге қатысушылар Сириядағы жағдайды, осы елдегі халықаралық гуманитарлық көмек көрсету, Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары, тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу шараларын талқылайды.

Добавить комментарий