Алматыда ТҰҚТ мүшелері ұсталды

Алматы аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Ұсталғандардың екеуі Тәжікстан және біреуі Грузия азаматы.

Қылмыстық ниеттерін іске асыру үшін ТҰҚТ мүшелері Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, ҚР аумағында астыртын болған. Айта кету керек, 2019 жылы топ мүшелерінің бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған болатын. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және «ұрылар қауымдастығының» әрекетіне қатыстары болған», — деп хабарлады Қазақстан ҰҚК.

Олардың бірі қосарлы кісі өлтіру бойынша жазасын Ресейде өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада «ұмтылушылар” («заңдағы ұрыларға” кандидаттар”) мәртебесі бар және «»заңдағы ұрылар” Азиз Батукаевпен («Азиз»), Дэвид Герлианимен «Дато Сван», 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған.

Ұстау барысында күдіктілерден екі жауынгерлік тапанша, бір келте мылтық, оларға оқ-дәрілер, бірнеше суық қару және басқа да қару-жарақ пен қылмыс жасау құралдары табылып, тәркіленді.

ҰҚК хабарлағандай, топ мүшелері Алматыда тәжік диаспорасының кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтарға, айырбастау пункттері мен тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасау және ұрлау үшін тұрақты қылмыстық топ құруды көздеген. Сондай-ақ ақшалай қаражат алу үшін оларды «қамқорлыққа алу» схемасын жоспарлаған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 392-бабы (мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Істің өзге де мән-жайларын анықтау, сондай-ақ аталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда, — деп атап өтті ведомстводан.

Добавить комментарий