Нұр-Сұлтан: Алматыда аңшылық дүкенді тонауға қатысқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыда аңшылық дүкенін тонаған күдіктіні ұстады.

Қаңтардың 6-на қараған түні күдікті серіктестерімен бірге аңшылық дүкенге кіріп, мүлік пен қару ұрлаған.

Нұр-Сұлтанда полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенінен қару ұрлады деген күдікке ілінген Жамбыл облысының 40 жастағы тумасын ұстады.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, қаңтардың 6-на қараған түні күдікті серіктестерімен бірге аңшылық дүкенге кіріп, мүлік пен қару ұрлаған.

Ол қылмыстық қудалаудан жасырынып елордаға пойызбен келген, осы уақыт аралығында күдікті жұмысқа орналасып, жатақханадан бөлме жалдап үлгерген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Алматы қаласы ПД полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Добавить комментарий