Алматы: Көшеде қару-жарақ салынған қаптар табылды

Алматыдағы көшелердің бірінде тәртіп сақшылары екі қап қару мен оқ-дәріні анықтады

Хабарланғандай, қарулар қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған.

«Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлер тапты», — делінген хабарламада.

«Түрксіб ауданындағы Гете көшесінде екі қап қару мен оқ-дәріні анықтады. Барлығы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 20-ға жуық түрі бар: оның ішінде Калашников автоматы, “Штурм” бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон. Оларға сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий