Алматыда президент резиденциясы сүрілетін болды

Қазақстан билігі қайғықлы қаңтар оқиғасы кезінде қираған Алматыдағы президент резиденциясы сұрілетін болды деп мәлімдеді.

Алматыдағы Қазақстан президенті резиденциясының ғимараты сүріледі

Қаңтардағы наразылық шарасы кезінде ғимаратты қиратып кеткен

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли: » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады».

Қаңтар айының басында Қазақстанда жаппай тәртіпсіздік орын алып, наразылық білдірушілер полицейлер мен әскерилерге шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болғанын мәлімдеп, ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. 7 қаңтарда жағдай тұрақталды, 19 қаңтарда бүкіл ел аумағында ТЖ режимі алынып тасталды. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиғалар кезінде 225 адам қаза тауып, 4,5 мыңнан астам адам жарақат алды.

Добавить комментарий