Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауда

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2021 жылы тұрғын үй бағасының өскені туралы хабарлады.

Бір айда (2021 жылғы ақпанда 2021 жылғы қаңтарға қарағанда) абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйдің жалға алу ақысы 1,6%-ға артты, — делінген хабарламада.

Республика бойынша шаршы метрдің орташа бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпанға қарағанда өсім 7,7%-ды құрады.

Абаттандырылған тұрғын үйдің орташа шаршы метріне 252 358 теңге. Бағаның өсуі — 19,1%-ды құрады.

Тұрғын үйді жалға алудағы шаршы метріне орташа есеппен 1 714 теңгені құрайды. 10,7% өсімі байқалды.

Добавить комментарий