Қазақстанда халық әртісі Юрий Померанцевтің құрметіне мүсін ашылды.
Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, актер Геннадий Балаев, бизнесмен және қоғам қайраткері Нұрлан Смағұлов, М. Лермонтов атындағы орыс драма театрының директоры Юрий Якушев қатысты.
«Юрий Борисович (Померанцев — ред.) өз кәсібіне, өнеріне және театрына адалдықтың айрықша үлгісі. Ол театр сахнасында және кинода жүздеген рөлдерді сомдады, олар отандық өнердің алтын қорына енді», — деп атап өтті Ерболат Досаев.
Мүсін Нұрлан Смағұлов қорының бастамасымен және қолдауымен орнатылды. Осы жобаның арқасында қала көшелерінде қазақтың әйгілі режиссері Шәкен Аймановтың, жазушы Герольд Бельгердің, альпинист Анатолий Букреевтің мүсіндері пайда болды. Енді қалада Юрий Померанцевтің мүсіні ашылды.
Юрий Померанцевтің мүсінін әйгілі қазақстандық мүсінші Нұрлан Далбай жасаған
«Юрий Борисович 100 жасты алқымдай алмай өмірден озды, сол себепті мен өмірді көрген, егде жастағы ер адамның мүсінін істемек болғанмын, алайда оның бірталай суретін, спектакльдегі бейнелерін, ол түскен фильмерді көргеннен кейін ойым өзгерді. Мен оның бақытты болған сәтін тауып, соны көрсеткім келді», — дейді Нұрлан Далбай.