Семен Слепаковтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-47094-1674730341-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Құзыретті органдарға бұрынғы КВН ойыншысы Семен Слепаковтың үстіне арыз түсті. Хабарламада айтылғандай, ол «Колыбельная» әнін айтқаны үшін Ресей әскерінің беделін түсірді деп жауапқа тартылуы мүмкін.

Аталған ән қаза тапқан ресейлік сарбаз туралы.

«Ұлттық тарихи мұраны қорғау қоры» коммерциялық емес ресейлік ұйымы Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинге белгілі комик, бұрынғы КВН ойыншысы және өз әндерінің авторы-орындаушысы Семен Слепаковқа қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрады.

«Біз Александр Бастрыкинге РФ ҚК 280.3-бабында қарастырылған «РФ Қарулы Күштерінің жария түрде беделін түсіру» қылмысы бойынша Семен Слепаковқа қатысты тергеу амалдарын жүргізуді сұрадық», — деді қор директоры Александр Карабанов.

Тергеу комитетіне жүгінуге Семён Слепаков 24 қаңтарда өзінің YouTube-арнасында жариялаған қаза тапқан ресейлік сарбаз туралы «Колыбельная» әні себеп болды.

Сонымен қатар, қор РФ Әділет министрлігіне бұрынғы қатысушыны шетелдік агенттер тізіліміне енгізу туралы бастама көтерді. Сенатор Константин Долгов Слепаковты Ресей азаматтығынан айыру керек деп мәлімдеді.

Добавить комментарий