Украина аумағында Ресей әскері бастаған соғыс қимылдарының басталғанына бір жылдан асып кетті.
«Ресей әскері бір жыл ішінде алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алмады, сондықтан Ресей қолбасшылығы ел халқына қандай да бір жетісіктер туралы айта алмауда», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, Ресейде ел әскерінің ұрыс алаңындағы жетістіктері ұшан-теңіз деп халықты сендіруде, бірақ бұл жалған мәлімдеме.
Олар АҚШ Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Марк Миллидің Ресей аталған қанды соғыстан стратегиялық, оперативті және тактикалық түрде жеңіліп қалды деген сөзін мысал ретінде келтіреді.

Фото: Батыс сарапшылары Ресей әскерінің техникасы мен қолбасшылық ұйымдастыру жүйесі Украинадан нашар деп санайды
Аналитиктер соғыс алаңындағы жағдайға талдау жасап, бірінші кезекте сарбаздар мен құралдардың санын салыстырды. Олардың логикасына сүйенсек, қай армияның әскерлері, ұшақтары, тікұшақтары, танктері, артиллерияық қондырғылары және т.б. көп болса, демек сол әскер жеңіп шығады деген сөз. Әсіресе, сарбаздар мен қару-жарақтар саны бірнеше есе басым болса, онда басымдық сол жақта.
«Мұндай талдау үнемі күтілетіндей болмайды. Украинаға баса көктеп кіру туралы шешім қабылдаған ресейлік әскери-саяси басшылық өз әскеріндегі сарбаздар мен қару-жарақ санына сенген. Украина армиясынан басым түседі деп ойлаған өздерінің әскері Киевті үш күн, ары кетсе жеті күн ішінде басып алады деген пікірде болған. Ресей Федерациясы қарқынды соғыстың нәтижесінде, Украина астанасын басып алу тұрмақ, басып алынған аумақтарды уысында ұстап отыруға сарбаз жетіспейтінін түсінді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Ресей президенті Владимир Путин шығынның орнын толтыру үшін мобилизация жариялап, сол арқылы ел әскерінің санын көбейтуге мәжбүр болды.
«Соғыстың қазіргі кезеңінде сарапшылар Ресейдің артиллериясы басымдық беріп отырғанын айтуда. Шын мәнінде, артиллерия тараптардың біріне басымдық бере алатын қару. Сарапшының бағалауы бойынша жаяу әскердің 80%-ы миналар мен снарядтардың сынықтарынан, 20%-ы ғана басқа да қарулардан жер жастануда. Сарбаз және қару санынының басым болуы шынымен де бере ме, соны анықтайық», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Фото: Батыс сарапшылары Ресей әскерінің техникасы мен қолбасшылық ұйымдастыру жүйесі Украинадан нашар деп санайды
Олар сондай-ақ қолда бар мәліметтерге сәйкес, Ресей армиясы кеңестік үлгідегі артиллериямен қаруланған деп отыр. «Әрине, елу жыл болған машиналардың қандай күйде екенін айтпасақ та түсінікті болар. Осы қару-жарақтың тозуы жиі бұзылуына алып келеді, сондай-ақ атыс дәлдігін азайтады. Өз кезегінде Украинаның Қарулы Күштері атысты басқарудың цифрлық жүйесі мен спутниктік навигация жүйесі бар батыстық үлгідегі артиллерияны қолдануда. Ресейлік басқыншылар Украинаның Қарулы Күштерімен салыстырғанда кем дегенде 5 есе көп снаряд атады, бірақ бұл аз дивиденд алып келуде — ресейліктердің атқан снарядтардың көбісі нысанаға тимей жатады», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.
Сонымен қатар, әскери саладағы мамандар «контрбатареялық атыста украиналық тарап аз атқанымен, жақсы нәтиже көрсетуде деп отыр. Украина армиясының тиімді әрекет етуі үшін барлық мүмкіндіктері бар.
Украиналық әскери сарапшының пікірінше, «Украина әскері басқыншылардан тек артиллериямен ғана басым болып тұрған жоқ. УҚК НАТО стандарттарына көшуде — кіші командирлер дербес шешім қабылдай алады, соның есебінен әскерлер мобильді болып, қалыптасқан жағдайларға тезірек әрекет етеді және т.б.».
Сонымен қатар, әскери іс саласындағы мамандар Ресей армиясын басқарудағы кемшілік ретінде қатаң орталықтандырылуын және қатаң иерархияны атады. Олардың пікірінше, бұл техника мен атыс қуатын төмендетеді.
Батыстық сарапшылардың пікірінше, Ресей армиясының УҚК-дан басым болуға «нашар барлау мен логистика» кедергі келтіріп отыр.
«РФ-да ұшақтардың саны мен сапасы жоғары болғанымен, соғыс басталғалы бір жыл ішінде аспанда басымдыққа ие бола алмады. Нәтижесінде, РФ-ның қағаз бетіндегі басымдықтарын ұрыс алаңында жасай алмауда. Бұл ретте Украина армиясы батыстық одақтастарынан бұрынғыдан да көп мөлшерде қару-жарақ алып отыр», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.