Алматыда еріктілер жылының қорытындысы шығарылды

Алматы қаласының еріктілер ұйымдары пандемия кезеңінде 26 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында «Қазақстан еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы филиалының төрағасы Бағдат Анарбаева мәлім етті.

Алматыда Еріктілер жылын өткізу аясында 78 іс-шарадан тұратын шаралар жоспары бекітілді. Оның ішінде 700 мыңнан астам адамды қамтитын 12 зәкір бар. Барлық жобалар мен іс-шаралар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес әзірленді және үйлестірілді — «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» бағыттары бойынша еріктілікті дамыту; корпоративтік еріктілік, әлеуметтік еріктілік және т.б.

Алматы қаласының әкімдігі карантиннің алғашқы күндерінен бастап Жастар лофт-орталығының базасында еріктілер, медициналық және қоғамдық ұйымдар кіретін жедел волонтерлік штаб құрды. Жалпы, қала бойынша шамамен 1000 ерікті жұмыс істеді, олардың ішінде жедел волонтерлік штабқа шамамен 100 тұрақты ерікті тартылды. Еріктілерге коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында қауіпсіздік техникасы мен гигиена ережелері үйретілді.

Сонымен қатар, еріктілер төтенше жағдайларда сақтық шаралары мен мінез-құлық ережелері туралы қажетті нұсқаулықтар берілді. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында еріктілер үшін жеке қорғаныс үшін жағдайлары жасалды. Олар арнайы киімдер, бетперделер, стерильді қолғаптар, бахилалар, антисептиктер, сондай-ақ арнайы көлік пен тамақ қамтамасыз етілген. Штабтың негізгі қызметі халықтың мұқтаж санаттарына көмек көрсетуге бағытталды.

«Пандемия кезінде 26 мыңнан астам мұқтаж тұрғындарға азық-түлік пакеттері, медициналық бетперделер тарату, дәрілік препараттарды жеткізу түрінде көмек көрсетілді. Штаб тұрақты негізде қоғамдық орындарға мониторинг жүргізді, Бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органдар кәсіпорындардың жұмысын шектейтін шаралар қабылдады. Сондай-ақ еріктілер қалалық дәрігерлерге басқа елдерден келген азаматтарды ауруханаларға орналастыруға көмектесті», — деп атап өтті Бағдат Анарбаева.

Қазіргі таңда жедел еріктілер штабының еріктілері келесі бағыттар бойынша көмек көрсетті:

  • 4115 мұқтаж және әлеуметтік осал қала тұрғындарына көмек көрсетілді, 193 отбасыға медициналық бетперделер таратылды, ірі супермаркеттерде 9972 азық-түлік пакеттері өлшеніп, оралып (әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының ұсынылған тізіміне сәйкес мүгедектік дәрежесі бар тұрғындарға, қарт адамдарға-тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді және т. б. тасымалдауға көмек көрсетілді)
  • 166 нысанда қоғамдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 80 нысанда бұзушылықтар анықталды, олардың қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады ((қызметті жүзеге асыруда шектелген сауда және қызмет көрсету объектілері жұмыс істеді);
  • қаланың 100 дәріханасында қажетті дәрілік препараттардың бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтауға қоғамдық мониторинг жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады;
  • Симптомсыз коронавирустық инфекциямен ауыратын 80-нен астам тұрғынға дәрілік препараттарды жеткізуге көмек көрсетілді;
  • 6250 тұрғынға жедел желі телефоны арқылы адамдармен байланыссыз ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көрсетілді (күн сайын call-орталыққа 100-ден астам қоңырау түседі).

Добавить комментарий