Сарапшылар Украинадағы соғыстағы РФ-ның шығынына қатысты пікір білдірді

Бірнеше күннен кейін Ресей-Украина соғысы басталғанына бір жыл болады. Осы бір жыл ішінде әлемдік қауымдастық Ресей әскерлерінің жаппай зымыран және әуе шабуылдарымен, жер үсті шабуылдармен тұтас бір қалалардың күл-талқанын шығарғанын көрді.

«Мәселен, Мариуполь қаласы, РФ жаулап алғанға дейін Украинаның шығысындағы ең гүлденген қалалардың бірі болған, ал қазір толық қираған.

Сондай-ақ Еуропа өз отанынан бас сауғалап қашуға мәжбүр болған украиналық мыңдаған босқындарды бір мезетте қабылдады. Бірақ биылғы жылы болған ең аянышты жағдай — қаза тапқан адамдардың саны, олардың арасында әскерилер де, бейбіт тұрғындар да бар. Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға баса көктеп кіру туралы шешімі екі жақтан да орасан зор адам шығынан алып келді», — деп хабарлайды батыстық саясаттанушылар.

Фото: Еуропа өз отанынан бас сауғалап қашуға мәжбүр болған украиналық мыңдаған босқындарды бір мезетте қабылдады.

«Соғыс басталғалы бері Путинді өз көксеген мақсаттарына қол жеткізу жолында қырылған бейбіт украин азаматтарының саны алаңдатпайтыны анық болды. Ұрыс қимылдары басталғанда Ресей билігі мен пропаганда қоғамның пікіріне манипуляция жасап келді. Олар РФ армиясы игі амалға барғанын, ал Ресей әскерлері арасындағы шығындарға қарағанда, Украина әскерінің шығыны айтарлықтай көп екенін мәлімдеді.  Бірақ соғыс ұзаққа жалғасқан сайын Ресей армиясы қатарындағы шығындар туралы ақпарат көп таралды және бұл Кремльдің ресми мәлімдемесінен әлдеқайда ауқымды болды», — деп санайды саясаттанушылар.

Қазіргі таңда АҚШ пен басқа да батыс елдерінің ресми тұлғалары қаза тапқан және жарақат алған ресейлік әскери қызметшілердің саны 200 мың адамға жуық деп санайды. Сарапшылардың мәлімдеуінше, осы уақыт аралығында РФ танк паркінің жартысына астамынан айырылды. «Шығындар туралы айта келе, Ресей жағында соғысып жатқан жеке әскери компаниялар қатарында да орасан зор шығындар барын еске салған жөн. Атап айтқанда, «Вагнер» ЖӘК. Белгілі болғандай, аталмыш әскери компанияның қожайыны, ресейлік олигарх Евгений Пригожин әртүрлі түрмелерден тұтқындарды қщ қатарына қосып жатыр. «Вагнер» ЖӘК кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатқан аумақтарда соғысып жатыр. Қарапайым тілмен айтқанда, Кремль «вагнершілерді» украиндық позицияларға шабуыл жасау үшін «құрбан» ету үшін пайдаланды «, — деп есептейді батыстық әскери сарапшылар.

Фото: Еуропа өз отанынан бас сауғалап қашуға мәжбүр болған украиналық мыңдаған босқындарды бір мезетте қабылдады.

Қазіргі уақытта «Вагнер» ЖӘК тұтқындарды өз қатарына қосуды тоқтатты, деп мәлімдеді Пригожин. Сарапшылардың айтуынша, соғыс барысында Пригожин мен РФ Қорғаныс министрлігі арасындағы бәсекелестік артқан. «Кремль Пригожиннің ықпалының артқанын қаламаған сыңайлы, сондықтан РФ қолбасшылығы «Вагнер» ЖӘК-ке тәуелді болмау туралы шешім қабылдады. Бұған Бахмут ауданында «вагнершілердің» орнына тұрақты ресейлік әскерлердің бірте-бірте келіп жатқаны дәлел. Бұл РФ-ның тұрақты әскері мен мобилизацияланғандардың жаңа «құрбандар» болатынын көрсетеді. Енді олар жақсы қорғалған украиналық позицияларға шабуыл жасап, Владимир Путин қойған мақсаттарға жетуге тырысады», — деп түсіндіреді украиналық саясаттанушылар.

Айта кетейік, қазір Угледар және Бахмут бағыттарында кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Бұл ретте дәл осы бағыттарда Ресей әскерлері орасан зор шығынға ұшырауда. Украина тарапы Ресей әскерінің қазіргі шығыны соғыс қимылдары басталғалғандағы көрсеткіштен де жоғары екенін атап өтті.

Добавить комментарий