«Жібек жолы» кемесі төңірегіндегі дау

«Жібек жолы» кемесі төңірегіндегі дауға байланысты Қазақстан кемені жалға алған ресейлік компаниямен жасалған келісімшартты бұзуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет аясында аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Біз кемені жалға бердік, сондықтан оны алған компания ол үшін жауап береді. Егер кеме Қазақстанда және халықаралық құқықта қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен айналысса, онда, әрине, бұл шарт бұзылады және кеме кері қайтарылады», — деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, қазір Түркия тексеру жүргізіп жатыр, құқықтық баға беріледі. Қазақстан үкіметінің алдағы әрекеттері Анкараның шешіміне байланысты.

«Түрік тарапы, егер бұл мәселемен айналысатын болса, жүктің қайдан шыққанын, кемені жалдаушы кім екенін, бұл жүкті кім жөнелткенін анықтайды және ол жерде қандай санкциялық шектеулер болғаны түсінікті болады. Құқықтық баға дереу беріледі, сонда кемені тоқтатылуы мен қайтарылуыныңқұқықтық салдары бар-жоғы түсінікті болады», — деп мәлімдеді Қайырбек Өскенбаев.

Еске салайық! 30 маусымда бірқатар БАҚ беттерінде Қазақстанның «Жібек Жолы» кемесімен Украинадан Бердян теңіз сауда порты арқылы Түркияға астықты экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.

Кейіннен астық сату келісімі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында болғаны белгілі болды. РФ-ға жалға берілген Қазақстанның кемесі жүк тасымалдауды жүзеге асырды.

Еуропада тіркелген компания болып табылатын сатушы мәміленің заңдылығын мәлімдейді.

Добавить комментарий