Алматы облысының соты «Елимай-2019 ТК» деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған ерлі-зайыптыларға қатысты үкім шығарды. Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) хабарлауынша, ерлі-зайыптылар 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының қаражатын заңсыз тартқан.
Ерлі-зайыптының заңсыз операцияларының нәтижесінде салымшыларға 1,5 миллиард теңгеден астам залал келтірілген. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды.