Ресей мен НАТО-ның текетіресі: саясаттанушылардың пікірі

Ресей президенті Владимир Путин мен басқа да ресейлік саясаткерлер Украина аумағына әскерін кіргізгенге дейін ел тұрғындарына Солтүстік Атлант альянсы олардың алаңдаушылығын тудыратынын жиі айтып келген. РФ-ның шенділері Ресей Федерациясының тұрғындарына Батыс саясаткерлерінің мемлекетке қаупі жылдан-жылға өсіп келетінін хабарлауда.

НАТО блогы шығысқа қарай кеңейіп жатқаны туралы сөз болып отыр, бұл оның әскери инфрақұрылымы Ресей шекарасына жақындағанын білдіреді. Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы осының барлығын болдырмау үшін басталған — бұл Ресей президенті жариялаған басты және негізгі мақсат.

Қазіргі таңда жағдай төмендегідей өрбіді:

Финляндия мен Швеция қысқа уақыттың ішінде Солтүстік Атлант альянсына кіруге кандидат-ел мәртебесін алды. Аталған елдердің үкіметі Ресей тарапынан қауіп төніп тұрғанын, сондықтан олардың НАТО-ға тез арада қосылу тиісті қорғауды қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Осылайша, Финляндия мен Ресей шекаралас ел болғандықтан, Ресейдің альянс мүшелерімен құрлықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 1271,8 шақырымға ұлғаюы мүмкін, ал НАТО-ның жаңа базалары РФ-ның Солтүстік астанасына жақын орналасатын болады.

29 маусымда өткен НАТО көшбасшыларының саммитінің қорытындысы бойынша НАТО елдері жаңа стратегиялық тұжырымдаманы қабылдағаны белгілі болды: қазіргі таңда Ресей басты қатер.

Фото: НАТО Ресеймен шекарада өз күшін нығайтпақ. Келесі жылға қарай жедел әрекет ету күштерінің санын 40 мыңнан 300 мыңға дейін арттырады.

НАТО Ресеймен шекарада өз күшін нығайтпақ. Келесі жылға қарай жедел әрекет ету күштерінің саны 40 мыңнан 300 мыңға дейін өседі. Әрекет ету күштері альянстың барлық контингенті емес екенін ескерген жөн, бірақ олар үнемі жауынгерлік даярлықта және жоғары техникалық жабдықтармен жарақталған.

Альянстың Бас хатшысы Йенс Столтенберг РФ-мен шекарада ауыр техника мен қару-жарақ жеткізілетінін, сондай-ақ Шығыс Еуропадағы нақты өңірлерді қорғау үшін НАТО күштерін тартылатынын мәлімдеді.

Саммитте түрлі әскери операцияларға дайын болу үшін ұжымдық қорғаныс бойынша бұдан да көп оқу-жаттығу өткізуді ұйғарды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда сыртқы қауіп-қатерлерге барынша жылдам ден қою және кез келген одақтас елді қысқа мерзімде қорғаумен қамтамасыз ету керек.

Фото: НАТО Ресеймен шекарада өз күшін нығайтпақ. Келесі жылға қарай жедел әрекет ету күштерінің санын 40 мыңнан 300 мыңға дейін арттырады.

Альянс Украинаға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Көптеген мемлекеттер Украинаға әскери қолдау көрсетіп, тек қана қорғаныс мақсатында ғана емес, шабуыл жасау үшін қолданылатын қару-жарақ жеткізіп жатыр. Осылайша, Украина кең көлемде жаңа ауыр қару-жарақпен жабдықталуда. Бұл тек бір ғана нәрсені білдіреді, Украина армиясы күн өткен техникалық жағынан мұздай қаруланып, Ресей әскеріне орны толмастай шығын келтіре алады. Украиналық БАҚ Ресей армиясының сарбаздары мен техникасы едәуір шығынға ұшырап жатыр деп үнемі жазып келеді.

«Украинадағы қарулы қақтығыс тараптардың бірі тізе бүкпейінше жалғасады. Ресей Украинаға қолдау көрсетіп отырған НАТО блогындағы 40-тан астам мемлекеттің әскери-өнеркәсіптік әлеуетіне қарсы тұра ала ма? Қарсы тұра алмайды десе болады. Осы қарқынмен жалғаса беретін болса, Ресей армиясының шығыны өсе беретіні анық», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий