Қазақстандық полицейлер жаңа бейнежетондармен жарақтандырылады

Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда әрбір патрульдік қызметкер жеке бейнежетонмен жабдықталған, ал Астана, Алматы және Петропавлда бейнежетондар арнайы заманауи мобильді бейнекешендерге ауыстырылды.

Полицейлер жаңа жетондардағы бейнені немесе дыбысты өз бетінше өшіре алмайды. Сонымен қатар, онлайн режимінде жағдайды көру үшін қашықтан қосылуды жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, ІІМ мәліметінше, ЖБО офицерлері мен басшыға қызметкердің нақты орналасқан жерін және патрульдің маршруттан ауытқып кетпеуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологиялар полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Мысалы, 3 ақпанда Қарағанды облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері патрульдік полицейге пара беру фактісі бойынша іс қозғады. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші хаттама толтырмау үшін қызметкерге пара бергісі келген.

«5 ақпанда аталмыш облыстың Шет ауданында осындай факт тоқтатылды. Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші патруль қызметкеріне ақша ұсынған. Іс бойынша тергеу жүргізілуде», — деп атап өтті ІІМ.

Министрлікте атап өткендей, цифрлық шешімдерді пайдалану азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

 

Добавить комментарий