АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады.
Ол сондай-ақ келер жылдарда қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға үміт білдірді.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып табылады, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
«АҚШ Қазақстанның реформалық күн тәртібін толықтай қолдайды және оны нақты, айқын әрекеттер арқылы тұтастай жүзеге асыруын қолдайды. Қазақстан Орталық Азия жүрегiндегi бағалы экономикалық және сауда серіктесі болып табылады және біз оның аймақтағы ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз», — деді Энтони Блинкен.
Мемлекеттік хатшы АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті.
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысынан кейін 13 жылдан соң ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды