Қазақстанда бидай өнімділігі жоғары болады деп болжануда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-36831-1660817087-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазгидромет биыл астық өнімділігі жоғары болады деп болжап отыр.

Қазгидромет жаздық бидай мен күнбағыс өнімділігінің болжамына түсініктеме берді.

Болжамға сәйкес, жаздық бидайдың өнімділігі республиканың солтүстік жартысында негізінен орташа көпжылдық мәнге жуық, ал Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде орташадан жоғары болады деп күтілуде.

Бидай өнімділігі нормадан жоғары Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Қызылжар және Аққайың аудандарында, Қостанай облысының Қамысты ауданында, Катонқарағай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында күтілуде.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, жаздық бидайдың болжамды өнімділігі Қостанай облысы бойынша орташа есеппен 10,6 — 12,6 ц/га, СҚО бойынша 14,5 — 16,5 ц/га, Ақмола облысы бойынша 9,3 — 11,3 ц/га, Павлодар облысы бойынша 8,1 — 10,1 ц/га, Қарағанды облысы бойынша 8,6 — 10,6 ц/га, ШҚО 12,6 — 14,6 ц/га, Ақтөбе облысы 8,3 — 10,3 ц/га, БҚО 7,8-9,8 ц/га.

Қостанай және Павлодар облыстарында күнбағыстың шығарымдылығы орташа көп жылдық мәнге жуық, ал Шығыс Қазақстан облысында орташа көп жылдық мәндерден жоғары болады деп күтілуде.

Қостанай облысы бойынша күнбағыстың болжамды түсімділігі орта есеппен 5,8 — 7,8 ц/га, Павлодар облысы бойынша 4,3 — 6,3 ц/га, ШҚО — 13,5- 15,5 га құрайды.

Добавить комментарий