ЕАДБ экономистері ұлттық валютаны дамытудың маңыздылығын еске салды

Еуразиялық даму банкінің экономистері ЕАЭО-ға мүше елдерде ұлттық валютаның рөлін дамыту мен күшейтудегі мемлекеттік саясат қаншалықты маңызды екенін айтып берді.

Олардың пікірінше, ұлттық валютаны ілгерілетудегі мемлекеттік саясаттың рөлін қытайлық даму сценарийінен көруге болады.

«Валютаны ілгерілету саясаты техникалық шарттарды жүзеге асырумен ғана шектелмеді, ол елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар жүрді. Бұл ретте, мемлекеттік бастамалар интернационалданудың шешуші факторы болды», — дейді экономистер.

Олардың айтуынша, 2008 жылдан бері Қытай өз валютасын әлемдік деңгейге шығару үшін белсенді түрде қолдай бастады және 2020 жылға қарай Дүниежүзілік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамының (SWIFT) деректері бойынша юань сауда мәмілелерін төлеуге пайдаланылатын валюталар арасында (барлық төлемдердің 1,86%) әлемде бесінші орынға ие болды.

«Юаньнің осындай жетістігі ЕАЭО елдері үшін олардың ұлттық валюталарының ықпалын кеңейтуде белгілі бір ынталандыруға айналуы мүмкін. Бұл бағыттағы күш-жігерді жандандыру сенімді қаржы жүйесін құруға да, ЕАЭО елдеріндегі экономикалардың дамудың неғұрлым орнықты моделіне көшуі үшін жағдай қалыптастыруға да байланысты», — деп хабарлайды банкте.

Добавить комментарий