Қостанай облысында ауыл шаруашылығын дамытуға пандемия кедергі болған жоқ

Сонымен, бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына қарамастан, Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешені тұрақтылықты сақтап отыр. Бұл күндіз-түні еңбек ететін ауыл тұрғындарының еңбегінің арқасында. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Аграрлық несие корпорациясы қостанайлық журналистерге баспасөз турын өткізді.

Сервистік-тұтыну кооперативтері «Ауыл» партиясын құруды ұсынды Елордада демалыс күндері «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды СҚО-да «Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысына барды БАҚ өкілдері барған алғашқы нысан — «Сарыағаш» ЖШС.

Денисов ауданы Перелески ауылында жұмыс істейтін компания сүт фермасының бірінші кезегін іске қосқан. 2011 жылы АҚШ-тан асыл тұқымды сиырлар әкелінген ферма толықтай компьютерлермен басқарылады. Өндіріс Германиядан сатып алынған заманауи сауын қондырғыларымен жабдықталған. Сауыншылар оны «Карусель» деп атайды. Бұл кешенді сауу аппараты. Қорадан келген сиырлар біртіндеп айналма шарбаққа өтеді де, бөлініп қойған арнайы орындарға тұра қалады. Сауыншылар шүберекпен желіні сүртіп, сауу аппаратын үрпіге кигізеді, содан кейін «карусельді» қосады.

«Асыл тұқымды сиырлар бұған тез үйренеді. Нөмірленіп белгіленген әр сиырдың күнделікті салмағы, рационы, қанша сүт бергені көз алдыңызда тұрады. Сиырдың денсаулығы мен физиологиялық жағдайы тексеріледі. Сауу цехындағы, яғни «карусельдегі» барлық жұмыстарды небәрі үш-төрт сауыншы орындайды. Тақтатас төселген цехтың іші сиыр сауылып болысымен тазартылып, келесі партияға дайындалады. Шүберектер кір жуатын машинада жуылып, сауыншыларға қайта беріледі», — дейді «Сарыағаш» ЖШС директоры Өтеген Мұртазин.

Оның айтуынша, серіктестік 2000 жылдан бері мемлекеттік бағдарламаға қатысып келеді. Мысалы, осыдан тоғыз жыл бұрын мұнда 1 250 сиырға арналған ферма ашылған. Жобаның құны — бір миллиард теңге. Суықта өскен бұзауларда иммунитет профилакторияда өскен бұзауларға қарағанда 12%-ға күшейеді. Сондықтан «Сарыағашта» сиырлар салқын жерде ұсталады, сәйкесінше бұзаулар қысқы аязға тез үйренеді. «2019 жылы біз немістің «Петкус» компаниясы құрастырған 480 миллион теңгелік астық қоймасын сатып алдық, оның 340 миллион теңгесін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы төледік. Қуаттылығы сағатына 25 тоннаға дейін. Құрылғы астықты қабылдайды және бастапқы тазалауды жүргізеді. Одан әрі дәнді кептіріп, сұрыптайды», — дейді шаруашылық басшысы. Бүгінде «Сарыағашта» 415 адам тұрақты жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстарда 500 адамға дейін жұмыс істейді. Перелески ауылында тұрғындардың 80% «Сарыағашта» жұмыс істейді.

«Жоспарлар көп. Мемлекет барлық жағдайды жасайды. 2020-2021 жылдары суармалы егіншілікті дамытатын боламыз. Оған 820 миллион теңге жұмсалады. Әрине, коронавирус көп жағдайда кедергі келтіреді. Дегенмен, пандемияға қарамастан, біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Шаруашылықтағы жұмыс үзіліссіз жүріп жатыр, жинау жұмыстары белгіленген уақытында аяқталды. Бұл жерде біз мемлекеттік қолдауға сүйенеміз», — деді Өтеген Мұртазин.

Журналистер Денисов ауданының экономикасын ілгерілетіп отырағн «Колос-фирма» ЖШС-де болды. Шаруашылықта күн батареялары мен жел генераторлары орнатылған. Бұл ферма Свердлов ауылынан 20 шақырым жердегі Ақсай ауылында орналасқан. Мұнда бұрын «Ақсай» кеңшарының бөлімшесі болған. Кейін тұрғындар орталық мекенге көшіп, кеңшардың орнына «Колос» ЖШС құрылды. Шаруашылық басшысы Инна Корнеева «Колос» компаниясына тиесілі техниканы көрсетіп, мал шаруашылығы мен егістік алқаптарындағы жетістіктерімен таныстырды. Ферманың жұмысы «жасыл» технологияларға негізделген.

2018 жылдан бастап баламалы энергия көздері пайдаланылады. 32 жылдық тарихы бар ферманы өңірге танымал аграрий Александр Корнеев ашты. Қазір оның келіні Инна Корнеева жұмысын жалғастыруда.

«2013 жылы қайын атам, 2017 жылы жұбайым қайтыс болды. Бұл біз үшін қиын сынақ болды, бірақ біз бұдан еңсемізді тік ұстап шықтық. Бұған менің балаларым көмектесті. 2014 жылға дейін серіктестіктің негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы болды. Содан кейін біз етті мал шаруашылығын игере бастадық. Алғашқы жылдардан бастап цифрландыру бағдарламасына қатыстық. Мал шаруашылығы фермасы, бұзауларды қоса алғанда,  баламалы энергия көздеріне қосылған. Сумен жабдықтау мәселесі бұрғылау әдісі арқылы шешілді», — дейді Инна Корнеева.

«Колос-фирма» ЖШС 2019 жылдан бастап Қостанай облысында орналасқан «Қазақстан Ангус» республикалық палатасының мүшесі болып табылады. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша серіктестік Эстониядан абердин-ангус тұқымды 300 сиыр сатып алған болатын. Шаруашылықта тұрақты түрде 126 адам жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 40 механизатор бар. Фермада жоғары сапалы ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылады.

«Колос-фирма» шаруашылықтан бөлек, ауданның әлеуметтік дамуына септігін тигізіп келеді. Мектеп жанындағы үйірмелер мен діни ғимараттың сақталуы толықтай серіктестіктің жауапкершілігінде. Инна Корнеева қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік маңызды іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін «Жомарт жүрек» грамотасымен марапатталды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорының орынбасары Мэлс Байболовтың айтуынша, пандемияға қарамастан, қостанайлық шаруалар тиісті мемлекеттік көмекке ие болды. 2020 жылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 55 миллиард теңге жұмсалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6,7 млрд теңгеге ірі қара мал сатып алынды, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 41 млрд теңгеге несие берілді.

Добавить комментарий