Мәжіліс Беларусьқа мұнай жеткізу туралы заңды қарайды

Мәжілістің қарауына Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі шығарылды. Депутаттар аталған заң жобасына дауыс береді.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы «Қазақстан Республикасы заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін», — делінген Үкімет қаулысында.

Құжатқа сәйкес келісім шеңберінде тауарларды тасымалдауды жоспарлау мен ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымдар: Қазақстан тарапынан — «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» АҚ,» ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ, ал Беларусь тарапынан — «Беларусь темір жолы» мемлекеттік бірлестігі және «Гомельтрансефть Дружба» ААҚ.

Добавить комментарий