BMW жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, Алматының аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің жанындағы тұрақта тұрған үш көлікті қағып кетті. Хабарланғандай, үш автокөлік те аудандық бөлім қызметкерлеріне тиесілі.
Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта, Сейфуллин даңғылында BMW қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетті.
Содан кейін жүргізуші жол жиегіндегі тұрған көліктерді қағып кетті. Toyota Camry көлігі соғылғаннан кейін, ол тротуарға шығып кетті. Артынша жүргізуші Hyundai-ға соғылып, ол жанында тұрған Subaru-ға қақтығысқан.
ЖКО Жетісу аудандық АІІБ-ның жанында болғандықтан, полицейлер патрульдік полиция келгенге дейін оқиға орнында болған.
Зақымдалған үш автокөлік полиция қызметкерлеріне тиесілі болған.
Жүргізушінің айтуынша, ол көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.