Терроризмді насихаттады деген күдікпен қазақстандық тұтқындалды

Түркістан облысы Арыс ауданында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды. Сот қаулысына сәйкес, ол тұтқындалып, тергеу изоляторларына қамалды.

Бұл туралы аймақтық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі хабарлады.

«Тексеру аясында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын ұстадық. Ұсталған ер адамның бұрын деструктивті-діни ағымның жақтаушысы және сотты болғанын анықтадық. Оның үйін тінту кезінде, біз әртүрлі компьютерлік техниканы, тыйым салынған діни әдебиеттер, ұялы телефон мен дискілерді тәркіледік. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты сотпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деп хабарлады бейсенбі күні ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Сотқа дейінгі тергеуамалдары ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша жүргізіледі.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде, Facebook парақшаларының бірінен белгісіз адамдардың тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның идеологиясын насихаттайтын бейнероликтер мен мәтіндік хабарламалар жариялағанын анықтады. Аталған материалдарды департаментте тіркеліп, сараптамаға жолдадық. Нәтижесінде сарапшылар бұл материалдарда терроризм мен экстремизмді насихаттаудың белгілері бар екенін растады», — деді Сахов.

Добавить комментарий