“Алматы біздікі!” деге бейнероликтегі жас жігіттердің жеке басы анықталды

Алматы полициясы қала көшелерінде түрлі қарудан оқ атқан жас жігіттердің жеке басы анықталғанын хабарлады. Айыпталушылар істің мән-жайын анықтау үшін тұтқындалды.

Естеріңізге сала кетейік! Instagram-парақшалары жас жігіттердің түрлі қарудан оқ атқан видеосын таратып жатыр.

«Әлеуметтік желілерде жас жігіттер өздеріңіз түсінгендей, Алматы қаласында тапаншамен оқ атып, бұл біздің қаламыз деген видеосы таратылып жатыр», — делінген жарияланымның астында.

Кадрда жас жігіттің «Алматы біздікі!» деген сөз тіркесін қолданып айқайлап, кейін тапаншадан оқ атады. Түнде түсірілген екінші видеода сол жігіттер да дәл осындай әрекеттерді көшеде қайталайды.

Алматы полициясы болған оқиғадан хабардар екенін және бұзақыларды ұстау шараларын қабылдағанын хабарлады.

Жазбай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануды. Алматы қалалық полиция департаменті бұлжағдайға түсініктеме берді.

«Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері осы видеодағы адамдардың жеке басын анықтады. Олар заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Біз міндетті түрде видеода қандай қару қолданылғанын анықтаймыз, оның шынайы тиесілігі мен шығу тегін анықтаймыз», — деп хабарлады полициядан.

Былтыр Қазнетте жас жігіт қару көрсетіп, «Астана біздікі, біздіік!» деген бейнебаян пайда болған. Бейне тез таратылды. Видеодағы «басты кейіпкер» 24 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Дәурен Ахметжанов болып шықты.

Добавить комментарий