Сұм соғыс салдарынан қаншама адам қырылып, қалалар жермен-жексен болды. Украина аумағында соғыс қимылдары басталғалы 19 ай ішінде бейбіт тұрғындар өліп жатыр.
Биыл бесінші қазанда болған атыс салдарынан Купян ауданы, Гроза ауылының аумағындағы бейбіт нысан — дәмханаға зымыран түсті. Елу адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Ауылда барлығы 330 тұрғын тұрады.
«Ресейдің бұл шабуылы — варварлықтың, соғыс жүргізу принциптерін, ұғымы мен ережесін бұзатынын көрсетеді», — деп түсініктеме берді батыс әскери сарапшылары.
Аталған дерек Украина аумағындағы қарулы қақтығысты бейбіт жолмен шешу бойынша Ресеймен келіссөз жүргізуге тағы бір дәлел болды.
«Путинмен бітімге келу туралы келісімге қол жеткізуге болады деп есептейтіндерге Грозаға жасалған зымыран соққысы — бітімге келу мүмкін емес екеніне айқын дәлел», — дейді батыстық саяси технологтар.