Алматыдағы крематорийдің ашылуы тағы кейінге қалды

Алматыда крематорийдің ашылуы тағы кейінге қалдырылды. Бұған инженерлік желілер бойынша жұмыс себеп болып отыо.

Крематорийдің өндірістік қуаты тәулігіне 23-24 кремация процедурасына есептелген.

Алматыда крематорийдің ашылу мерзімі мамырдан белгісіз мерзімге ауыстырылды, деп хабарлады әкімдік.

Крематорий құрылысының бас жоспары екі жобаға бөлінді. Бұл ғимарат пен инженерлік желілерді орнату.

«Ғимарат бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Бүгінгі таңда крематорийді пайдалануға беру үшін нысанға сыртқы инженерлік желілерді жеткізуді аяқтау қажет. Қолайсыз ауа райына байланысты 2021 жылдың қазан айында жұмыстар 2022 жылдың наурызына дейін тоқтатылды», — деп хабарлады әкімдік.

Қазір инженерлік желілерді тарту жұмыстары қайта жанданды. Ол шамамен 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады. Ғимаратта әкімшілік үй-жайлар мен жұмысшыларға арналған үй-жайлар орналастырылды. Онда киім ауыстыратын және душ бөлмелері бар, жерлеу рәсіміне арналған заттар дүкені, қоштасу залы бар.

«Крематорийдің өндірістік қуаты кремациялық жабдықтың өткізу қабілеті, кешеннің жұмыс режимі негізінде есептелген және екі ауысымдық жұмыс кестесімен тәулігіне 23-24 кремация (жылына 7000 кремация) жүргізеді», — деді мамандар.

Добавить комментарий