Ақтөбеде жерлеу рәсіміне тұрғындардың көпшілігінің қалтасы көтермейді

Ақтөбе тұрғындары жерлеу қызметтерінің бағасы қымбаттағанын айтып отыр. Қайтыс болғандарды соңғы сапарға шығару үшін олардың туыстары банктер мен микрокредиттік ұйымдардан қарызға белшесінен батып ақша алуға мәжбүр.

Белсенділер мониторинг жүргізіп, мұсылман зиратында жерлеу қызметі үшін кем дегенде 120 мың теңге (280 доллар), христиандар үшін — 80 мың (шамамен 185 доллар) төлеу керектігін анықтады.

«Бүгінгі таңда ең төменгі жалақы — 42 500 теңге. Міне, біз бұл мөлшерден асып кетпеуін қалаймыз. Егер ол несие алса да, тіпті біреуден алған болса да, мен жерлеу үшін қарызға ақша алдым деп айту бізге жат нәрсе», — дейді Ақтөбе әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Абай Сақтағанов.

ҚМДБ пандемия кезінде жерлеу рәсімін қалай өткізу керектігі туралы айтып берді.

Мұндай тарифтерді бірыңғай жерлеу қызмет көрсету орталығы белгіледі, ол шын мәнінде монополист болып табылады. Орталыққа барлық қалалық зираттар сенімгерлік басқаруға берілді.

Қоғам өкілдерінің айтуынша, компания өз есебінен барлық жұмысты атқарады: жер учаскесін береді, қабірді қазады және көмеді. Бірақ қызмет тарифтерінің қалай қалыптасқанын орталықта айтудан бас тартты.

Қалалық зираттарды сенімгерлік басқаруға беру үш жыл бұрын басталған. Шенеуніктер мұның бюджетті үнемдеу үшін жасалғанын айтады. Олардың мәліметтері бойынша, бір зиратты ұстауға жыл сайын шамамен 25 миллион теңге жұмсалады.

Православ шіркеуі пандемия жағдайында жерлеу рәсімін өткізу жөнінде ұсыныстарын айтты

Рас, жергілікті тұрғындар бұл санға күмәнмен қарайды, әсіресе ауыл тұрғындары. Ауылдарда марқұмдардың туған-туыстарының өздері әрдайым келіп, қабір басын бақылап отырады дейді.

«Баға саясатына ешқандай қатысымыз жоқ. Бұл бәсекелестік орта. Бұл халыққа көрсетілетін жерлеу қызметі. Біз бұған араласа алмаймыз», — деп түсіндірді Ақтөбе әкімдігінің ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Алдияров.

Әкімдікте уәде берген жалғыз нәрсе — сенімгерлік басқаруға берілген зираттардың жағдайын тексеру. Аумақты зерттеу үшін дрон қолданғысы келеді.

Добавить комментарий