Көкшетау полициясы автосалоннан 30 млн теңге ақша бар сейфін ұрлау оқиғасын ізін суытпай әшкереледі.
БАҚ мәліметінше,23 тамызда Көкшетау полициясына ірі соманы ұрлау туралы арызбен жергілікті автосалондардың бірінің директоры жүгінді. Кәсіпкердің айтуынша, белгісіз адамдар алдыңғы түні бухгалтерлік кабинетке кіріп, қолма-қол ақша мен құжаттамасы бар сейфті ұрлап кеткен.
Қылмысты ашу үшін криминалдық полиция мен тергеу қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылды, бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізу кезінде 26 жастағы менеджер ұсталды.
Жауап алу кезінде ұсталған адам жұмыс күнінен кейін барлық бейнекамераларды өшіріп, бухгалтер кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап кеткенін айтты. Кейінірек ер адам сейфті кесіп, сол жерден ақша қаражатының бір бөлігін алып өзінің банктік шотына аударған, ал қалған соманы жасырып қойған.
Тергеу іс-шаралары барысында полиция ұрланған ақша мен сейфті тәркіледі. Жалпы алғанда, сома шамамен 30 млн теңгені құрады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.