Шымкент тұрғңындары заңсыз салынған үйлерін заңдастыруды талап етті

Шымкентте заңсыз салынған үйлердің иелері баспанасын заңдастыруды талап етіп жатыр.

Шымкентте өздеріне тиесілі емес жерге үй салғандар баспанасын заңдастыруды талап етіп жатыр.

Тұрғындар мемлекеттен берілетін 10 сотық жерді күтуден шаршағандарын мәлімдеді, өйткені кейбіреулері жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға 17 жыл кезекте тұруы мүмкін.

«Біз пәтер жалдап, айына 50 мың төлейміз, ал қалай күн көреміз? Менің жасым 60-та, әлі күнге дейін баспанам жоқ, сондықтан біз балаларымызбен осында үй салып алдық», — деді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнұр Қарақұлова.

Олар үйге мұқтаж болғаны үшін салғанын айтады. Шымкент қаласының тұрғындарының айтуынша, олар әкімдікке осы мәселені шешу үшін бірнеше мәрте жүгінген, алайда нәтиже болмады.

 

Добавить комментарий