Кибералаяқтар ресейліктерді 4 млрд рубльге алдап соқты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-43176-1669226777-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресейде кибералаяқтар саны азайды, бірақ олардың келтірілген залалы артты.

Бұған Ресей Банкінің (ОБ) 23 қарашада жариялаған деректері дәлел.

Цифрлық криминал былтырмен салыстырғанда азайды, бірақ өткен қысқа қарағанда шамалы артты.

2022 жылдың III тоқсанында ақша ұрлау оқиғаларының саны былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 10,3%-ға азайып, 229,8 мыңға жетті. Бұл ретте алаяқтар келтірген залалдың жалпы мөлшері 23,9%-ға, іс жүзінде 4 млрд рубльге дейін өсті.

ОБ атап өткендей, пандемия кезінде тұтынушылар онлайн-сатып алуға үйренісіп қалған және киберқылмыскерлер оны өз пайдасына пайдалануда. Олар адамдарды арбауына түсіру үшін қаржы ұйымдары мен белгілі дүкендердің атынан жалған сайт жасап жатыр.

Бұған дейін, 20 қазанда Ресейде алаяқтар Telegram бот арқылы құпия сөзді ұрлауға тырысып жатқаны хабарланған болатын. Қолданушыларға «жалған» верификациядан өтуді ұсынады.

Бұған дейін, 14 қазанда, «Иннотех» тобының бас директоры Дмитрий Харитонов Ресейде электрондық пошта арқылы және мессенджерлерде елдегі геосаяси немесе экономикалық ахуалды бағалауды қамтитын хабарламаларды таратудың танымалдылығы артып келе жатқанын мәлімдеді.Мұндай хабарларламаға көбінесе жалған сілтемелер тіркеледі, сол арқылы адамдар кибералаяқтың құрбаны болуы мүмкін.

Добавить комментарий