АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейді азық-түлікті соғыс қаруы ретінде пайдалануда деп айыптады

Ресей Қара теңіз астық бастамасы келісімнен шығатынын жариялағаннан кейін, АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей азық-түлікті әскери қысым құралы ретінде пайдалануда деп айыптады. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Вашингтондағы брифинг барысында Ресей астық мәмілесін ұзартудан бас тартқанын, бұл жаһандық азық-түлік жеткізуге қосымша соққы болғанын атап өтті. Соның салдарынан азық-түлік бағасының 22%-ға өсті, ал соңғы тәулік ішінде мүлдем нашарлап кетті.

Алайда, Ресей астық келісім тоқтатқан жағдайда да, астықты экспорттауды жалғастырып, рекордтық пайда көреді. Мемлекеттік департамент Кремль азық-түлікті ықпал ету құралы ретінде пайдаланып жатқанын, бұл тек Украина тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі азық-түлік тауарларының бағасына да әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Мемлекеттік департамент өкілі Кремль азық-түлік экспортына тыйым салуға санкциялардан туындағанын мәлімдеп жатқанын, алайда АҚШ пен G7 елдері ресейлік азық-түлік тауарлары мен тыңайтқыштарға ешқандай шектеу қоймағанын атап өтті. Алайда Ресейдің шешіміне байланысты Африка мүйізі елдері, Сахель аймағы, Йемен және Ауғанстан зардап шегуде.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, аталған елдер Ресей азық-түлік жеткізуге кедергі келтіріп отырғанын түсінеді. Бұл жағдай әлемнің түрлі өңірлерінде азық-түлік өнімдерімен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге ұмтылатын халықаралық қоғамдастықтар мен азық-түлік ұйымдары арасында елеулі алаңдаушылық туғызуда.

Добавить комментарий