Ресейдің Қырымды жаулап алуына қарсылық күніне орай Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо Қырым әрқашан Украинанікі болғанын және болып қала беретінін, ал Канада Украинаны соңына дейін қолдауды жалғастырады деп мәлімдеді.
«Қарсылық күні Канада демократия, әділдік және бостандық үшін жан берісіп, күресіп жатқан украиндықтар мен принциптерге адалдығын растайды. Біз алдағы уақытта да Украинаны қолдауға қажетті барлық тетіктерді пайдаланамыз. Украиналықтардың өздеріне тиесілі жері үшін күресі аясында біз Қырымның әрқашан Украинанікі болғанын және болып қала беретінін растаймыз», — деді Трюдо.
Ол Ресейдің шапқыншылығы басталғалы бері Канада Украинаға $5 млрд-тан астам сомада қолдау көрсеткенін, оның ішінде $1 млрд-тан астам қорғаныс көмегін бергенін еске салды.