АҚШ президентінің климатқа қатысты арнайы өкілі және бұрынғы мемлекеттік хатшы Джон Керри АҚШ пен Қытай арасындағы климатқа қатысты келіссөздер екі ел арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне негіз болады деп үміттенетінін айтты.
Джон Керри Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Сыртқы істер жөніндегі комиссия кеңсесінің жетекшісі Ван Имен кездесу кезінде климаттық мәселелер бойынша бірлескен күш-жігер екі ел арасындағы текетіресті шешуге және ынтымақтастыққа ықпал етуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Керри АҚШ пен Қытай қарым-қатынасындағы тұрақтылықтың маңызды екенін атап өтіп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын айтты. Ол бірлескен іс-қимылдар әлемдегі ахуалға әсер етуге қабілетті екенінен сенетінін атап өтті.
АҚШ-тың климатқа қатысты арнайы өкілі Қытайда 16-19 шілде аралығында жұмыс сапарымен болады. Сапар барысында ол ҚХР үкіметінің климаттық өзгерістер жөніндегі арнайы өкілі Се Чжэньхуамен кездесті.
Кездесу төрт сағаттан астам уақытқа созылып, АҚШ пен Қытай арасындағы климаттық өзгерістер мен ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналды.