Қазақстанның шығысында жүк көлігі аударылып, күкірт қышқылы төгілді.
Күршім ауданында — Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдары арасындағы тас жолда жол апаты болды.
Оқиғаның егжей-тегжейі
Шығыс Қазақстан облысында қышқыл тиелген жүк көлігі аударылды. Аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оқиға орнында ластанған топырақты қазу жұмыстары жүргізіледі.
«Ең жақын су көзі — бұлақ — шамамен бес шақырым жерде орналасқан. Әкімдіктің мәліметінше, жергілікті тұрғындар оны тұтынбайды. Дегенмен, мамандар күкірт қышқылы төгілуі салдарынан ластану болған-болмағанын анықтау үшін бұлақтан су сынамасын алды», — деп хабарлады ведомстводан.
Апат салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілді.