Ижевск: Мектепте қаза тапқандар саны 17 адамға дейін өсті

Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандардың саны 17 адамға дейін өсті, оның ішінде 11 бала. Олардың барлығы 2022 жылғы 26 қыркүйекте таңертең белгісіз бір ер адамның қолынан қаза тапты.

«Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, 17 адам қаза тапты, оның ішінде 11 бала мен алты ересек адам», — деді Удмуртия үкіметінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 20-дан астам адам жарақат алды.

Удмуртия басшысы Александр Бречаловтың айтуынша, жарақат алғандардың жағдайы ауыр және орташа дәрежеде. Жансақтау бөлімінде тоғыз бала мен екі ересек адам жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, атыс шығарған ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Ер адамның анжеке басы анықталды, ол 34 жастағы жергілікті тұрғын Артем Казанцев, №88 мектептің түлегі. Ол «шизофрения» диагнозымен психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.

Добавить комментарий