Теміртауда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Теміртауда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 47 жастағы ер адамның денесі зорлық-зомбылық белгісімен табылды.

«Теміртау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 3 желтоқсанда әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында 23 қарашада үйінен кшығып, қайтып оралмаған 47 жастағы тұрғынның хабар-ошарсыз жоғалып кеткенін анықтады. Полицияда адам жоғалу фактісі тіркелді. Жоғалған адамды табу үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді. Іздеу шараларына волонтерлер де қосылды. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамның өлтірілгені анықталды», — деп хабарлады жексенбі күні Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің 99-бабы (өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«5 желтоқсанда полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіргенін мойындаған Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынын ұстады.. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, қылмыс құралы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлайды ПД.

Добавить комментарий