Подмосковьеде пойыздарды жөндеу зауытында өрт шықты

14 ақпанда Подмосковьеде пойыздарды жөндейтін зауыт аумағында өрт шықты.

Атап айтқанда, Мәскеу облысы Коломна қаласындағы темір жол вагондарын жөндеу зауытының әкімшілік ғимараты аумағында өрт шыққан.

Бұл туралы РФ Мәскеу облысының прокуратурасы әлеуметтік желіде айтты.

Коломнада шыққан өрт 900 шаршы метрден астам ауданды шарпыды. Ғимараттың бірінші және екінші қабаттары арасындағы жабын ішінара опырылып түсті.

Өртті сөндіруге 63 адам мен 18 техника бірлігі тартылды. Оқиға орнына өрт сөндіру пойызы да жіберілді.

Добавить комментарий