АҚШ Ресейге қатысты тағы да санкция енгізуде

АҚШ Ресейге қарсы санкциялық тізімді кеңейтіп, оған үш жаңа — «Авиазапчасть», «Элекон» және Nilco Group компанияларын енгізді.

Ресми Вашингтонның пікірінше, бұл ұйымдар АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы заңнамасын бұзады

«Авиазапчасть», «Элекон» акционерлік қоғамы және ресейлік Nilco Group компаниясы Вашингтонның болжамы бойынша АҚШ-тың Иран, КХДР және Сирияға қатысты жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы ұлттық заңнамасын бұзғандықтан АҚШ әкімшілігінің санкциясына іліккен. АҚШ мемлекеттік департаменті тиісті хабарламаны сейсенбі күні америкалық үкіметтің ресми құжаттар жинағына — Федералдық тізілімге орналастырды.

Бұл құжатта көрсетілгендей, шектеу шараларын қолдану туралы шешім 6 қарашада күшіне енді. Қара тізімде тағы екі қытайлық компания бар.

Санкциялардың қолданылу мерзімі екі жылды құрайды, алайда АҚШ мемлекеттік хатшысының шешімімен қысқартылуы немесе тоқтатылуы мүмкін.

Добавить комментарий